ҚазҰУ-дың жері қағаз жүзінде ғана қайтарылған

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Бас прокурор Берік Асыловтың атына  генерал Новиковтың атындағы даулы алма бағы туралы сауал жолдады.

Депутаттың сөзінше, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заңсыз беріліп кеткен жері сот шешімі шыққанына қарамастан әлі қайтарылмаған. Телім аумағына салынған көпқабатты бизнес орталық әлі сүрілмеген. «Ремизовкадағы алма бағының жағдайы да осындай. Сот шешімі орындалмай жатыр. Алма бағы заң жүзінде мемлекет меншігіне қайтарылғанымен, іс жүзінде жеке және заңды тұлғалардың қолында қалып отыр. Жалғыз Алматыда ғана заңсыз салынған тұрғын үйді сүріп тастау туралы 86 талаптың 59-ын сот қанағаттандырған. Бірақ әділет органдары мен орындау қызметтері сот шешімдерін саналы түрде орындамай созып, қолдан кедергілер туындап отыр», деді ол. Сонымен қатар мәжілісмен Бас прокурордан Әділет министрлігі мен Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің сот шешімдерін қалтқысыз орындап, сүріп тастау туралы шешім шығарылған құрылыстарды уақытында бұзуына ықпал етуді сұрады.

«Бізге көп жерді қайтарып жатқандарыңызбен генерал Новиков сияқты ірі жер иеленушілердің заңсыз жерін қайтара алмай отырсыздар дегенге саятын сын көп айтылады. Жуықта ғана Алматы қаласының ауданаралық соты Қарасай ауданы әкімінің қаулысының күшін жоюы туралы қалалық прокурордың талабын қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Әрине, сот шешімінен кейін жер ақыры мемлекет меншігіне қайтарылады. Бірақ біз жер қайтарылғаннан кейінгі жағдайды ойлауымыз керек», — деді ол. Тіпті депутат генерал Новиковтың меншігінде болған жер қайтарылғаннан кейін түгел Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің құрамына табиғи қорғалатын мекеме статусымен енуі керек. Тағы бір 3-5 немесе 7 жылдан кейін аталған телімдер қайтадан жергілікті олигархтарға, құрылыс компанияларына өтіп кетпеуге тиіс. Өйткені бұл телімдер бірегей аумақта жатыр. Одан кейін алма өсірушілердің құқығы сақталып, олар әлеуметтік желіде бұл шараның бәрін прокуратураның рейдерлік әрекеті ретінде сипаттап жатыр. «Ешкім бау-бақша егушілер мен алма өсірушілердің жерін тәркілеп жатқан жоқ. Телімдердің қаншалықты заңды берілгенін ғана тексеріп, генерал Новиковтың жерін ғана алып жатырмыз. Ол жер мемлекетке қайтарылғаннан кейін бау-бақша егушілер мен алма өсірушілердің құқығы қорғалуы керек. Бұл мәселені «Жер аманаты» республикалық комиссиясының аясында ерекше бақылауға аламыз деп үміттенемін», деп толықтырды сөзін депутат.

Related posts

Dünya e-Basın Konseyi Birliği (DEBK) 3. Olağan Kongresi yoğun katılımla gerçekleşti

ttjk

Гейв-Хань — историческое здание Бурсы.

ttjk

«Природа в городе: будущее и надежды»

ttjk