Жоғарғы Соттың екі судьясы қызметінен кетті

Фото:gov.kz

Сенат депутаттары Мемлекет басшысының ұсынысымен Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босатты.

Сенаттың жалпы отырысында Жоғары сот кеңесінің төрағасы Дмитрий Малахов Мемлекет басшысының ұсынысын Сенат қарауына енгізді. Ұсыныс Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті зейнет жасына жетулеріне байланысты отставкаға шығу себебімен қызметінен босатуға қатысты болды.

«Сенат қарауына Мемлекет басшысының Жоғарғы Сот судьялары Ботагөз Ералиева мен Қамбар Нұрышевті қызметінен босату туралы ұсынысы енгізілді. Екі судья да зейнет жасына жетті, олардың судьялық тәжірибесі сәйкесінше 28 және 37 жылды құрайды», — деді Малахов.

Сенат депутаттары судьяларды қызметінен босату туралы шешімді бірауыздан қолдап, дауыс берді.

Related posts

Балат и Фенер — символ “Золотого рога”

Назия Жоямергенқызы

Қазақстан СІМ басшысы «Орталық Азия – Германия» Экономикалық форумына қатысты

Алғабастағы өрт: жарақат алған үш адамның қазіргі жағдайы туралы ақпарат

Назия Жоямергенқызы