Қылмыскерлердің жартысы — балалар

Гаитиде бір жылда қарулы топтар қатарына тартылған балалардың саны 70 пайызға өсіп отыр. Бұл туралы UNICEF баяндамасында көрсетілген екен.

Гаити ондаған жыл бойы саяси тұрақсыздықты бастан өткерді. Алайда соңғы айларда зорлық-зомбылық артып отыр. Бүгінде бандылар ел астанасы Порт-о-Пренстің 80 пайызын бақылауында ұстайды. Былтыр  жылдың екінші тоқсаны мен биылғы жылдың екінші тоқсаны арасындағы бұрын-соңды болмаған бұл көрсеткіш зорлық-зомбылық күшейген Кариб теңізі аралындағы балаларды қорғау дағдарысының одан әрі тереңдей түскенін көрсетіп береді.

UNICEF мәлімдемесінде, сондай-ақ, балаларды мұндай жұмысқа тартудың өсуін — зорлық-зомбылықтың артуы, кең таралған кедейлік, білімнің жетіспеушілігі және маңызды инфрақұрылымның толығымен жойылуымен байланыстырып отыр. Сонымен қатар, ұйым қарулы топ мүшелерінің жартысы қазір балалар екенін атап өтті. Бұл мәлімдемеге UNICEF-тің атқарушы директоры Кэтрин Рассел де пікір қосты. Оның айтуыншағ Гаитидегі балалар қатыгез циклге түсіп қалған — олар өздерінің қиын жағдайына ықпал ететін қарулы топтарға қосылуда және олардың саны артып келеді.

 

Related posts

400-ден астам ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды

Назия Жоямергенқызы

JetBlue Is Having a Flash Sale With Fares Starting at $20

ttjk

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

editor