Түрме ішінде теракт ұйымдастырмақ болды

Қазақстан түрмелерінің бірінде теракт жасалмақ болғаны анықталды.

22 қарашада Алматы, Қостанай және Жетісу облыстарының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 10 радикалды діни идеология жақтасының әрекетінің жолын кесті.

Белгілі болғандай, қамауда отырған фигуранттардың бірі терракт жасауға дайындалған, ал қалғандары терроризмді насихаттауға қатысып, террорлық әрекеттерді ұйымдастыру мақсатында адамдарды қатарларына қосумен тыңғылықты айналысқан.

«Жаза өтеу орындарында жүргізілген тінтулер барысында суық қару, смартфондар және басқа да заттай дәлелдер алынды. Біреуінің экстремизм үшін соттылығы бар. Қалғандары кісі өлтіру, тонау және ұрлық үшін жазаларын өтеген. Сондай-ақ, Алматы қаласында пробациялық бақылауда тұрған олардың байланысы ұсталды. Көрсетілген адамдарға қатысты Қылмыстық кодекстің 255, 256 және 259-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды»,  делінген ҰҚК таратқан хабарламада.

Related posts

Түркияда 2024 жылдың алғашқы жартысында туризм кірісі жоғары көрсеткішке жетті

Назия Жоямергенқызы

Шымбұлақта 2022-2023 тау шаңғысы маусымы ашылды

ttjk

Мылтық ұстаған әйел перзентхана қызметкерлерін кепілге алды

editor