Оқу-ағарту министрлігінде олқылық көп

Бас прокуратура Оқу-ағарту министрлігін тексеру барысында бірқатар жүйелі кемшілікті – «қиын балалармен» жұмыстың жасалмауын, кешкі және арнайы мектептер, психологтар, қорғаншылық органдары жүйесінің тиімсіздігін, көптеген ведомстволық бағынысты ұйымдардың нашар жұмысын анықтаған. Прокуратура мәліметінше, соңғы үш жыл ішінде елімізде жасөспірімдер қылмысының тұрақты жоғары деңгейі байқалады (2022 жылы – 1 735, 13,5%-ға өссе, 2023 жылы – 1 925, 11%-ға өскен, а.ж. 9 айында – 1 267).
«Анықталған бұзушылықтардың нәтижелері бойынша Министрліктің атына балалардың құқықтарын қорғау саласындағы тәсілдерді қайта қарау және «Заң және тәртіп» іргелі қағидатын іске асыруға бағытталған шараларды күшейту бойынша нақты ұсынымдармен ұсыныс енгізілді. Ұсынысты қарау қорытындысы бойынша Министрлік Бас прокуратураның ұсынымдарын қамтитын Жол картасын (51 іс-шараны қамтиды) әзірледі», делінген ақпаратта.
Бас прокуратураның талабымен ОАМ-мен арнайы білім беру ұйымдары мен ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдары институтын жаңғырту бойынша, сондай-ақ девиантты мінез-құлықтағы балаларды оңалту жөнінде кешенді бағдарлама әзірлеу бойынша жұмыс басталған. Барлығы осындай 5 мекеме жұмыс істейді (Алматы, Абай, ШҚО, Жамбыл, Маңғыстау), онда жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінен 11-18 жас аралығындағы шамамен 300 «қиын» жасөспірім қабылданады Сонымен қатар, бұл ұйымдардың алдын алуға ықпал етуі асыра бағаланған, оған оқушылардың мекемеден жиі қашып кетуі, суицид әрекеттері, сондай-ақ қайталанатын қылмыстар, соның ішінде мекеме қабырғасында қайталанатын құқық бұзушылықтар дәлел болып отыр.

 

Арнайы мектептердің әлсіз профилактикалық әсерімен, тиісті түрде материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етпеуімен қатар олардың бюджетке айтарлықтай салмақ түсіретіні белгілі болды.Жыл сайын оларды ұстауға, оның ішінде қызметкерлердің еңбекақы қорына үшін жергілікті бюджеттен 1 миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалады.Бұл ретте олардың тәрбиеленушілермен толықтырылуы орта есеппен 50%-дан аспайды.

Прокурорлық талдау көрсеткендей, өңірлерде үлгерімі нашар және заңды бұзған оқушыларды кешкі мектептерге мәжбүрлеп ауыстырутәжірибесі әлі күнге дейін сақталған, кешкі мектептердің материалдық-техникалық жарақтандыруы әлсіз, педагогикалық құрамы жинақталмаған, онда профилактикалық жұмыстар жүргізілмейді. Қадағалау актісі бойынша министрлік кешкі мектептердің қызметіне егжей-тегжейлі талдау жүргізуде, оның қорытындысы бойынша Астана қаласы кешкі мектебінің базасында осы білім беру ұйымдарын трансформациялау бойынша пилотты жүргізу жоспарлануда.

Министрлік тарапынан тиісті үйлестіруді талап ететін тағы бір бағыт – қорғаншылық және қамқоршылық саласы.

ОАМ аталған бағытта бірқатар ұйымдастыру шараларын қабылдады – осы саладағы қызмет мамандарының штаты 200 бірлікке ұлғайды, қорғаншылыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды қатаңдата отырып, олардың қызметін ұйымдастыру қағидалары әзірленуде.Тексеру бүгінде бір қызметкерге түсетін жүктеме 17 мың балаға жететінін, ал Астана, Алматы қалаларында, Шымкент, Алматы және Түркістан облыстарында30-дан 100 мыңға дейін жететінін көрсетті.

Мәселен, Ақмола облысында ағымдағы жылдың сәуір айында патронат тәрбиешінің 5 баланы ұрып-соғу фактілері анықталған. Тергеп-тексеру барысында үш жылдан астам уақыт бұрын бір баланы өлтіру фактісі анықталған.Ұлытау облысында балаларды фермада жұмыс істеуге мәжбүр еткен асырап алған ана 4 жылға бас бостандығынан айырылды.Осы тұрғыда Бас прокуратура Бала құқықтары жөніндегі уәкілдің қорғаншылық және қамқоршылық органдары қызметкерлерінің санының нормативтік заңнамалық тұрғыдан бекітуге қатысты бастамасын қолдайды.

Сонымен қатар Министрлік прокуратураның педагог-психологтардың қызметін күшейту қажеттілігіне қатысты ұсыныстарын қолдады. Атап айтқанда, педагог-психологтардың саны бойынша норматив заңнамалық тұрғыдан қайта қаралуда, мұнда 1 маманға жүктеме 500 оқушыдан аспауы тиіс. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарға жол берген кінәлі лауазымды тұлғалар, оның ішінде министрліктің бөлімше басшылары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Related posts

ШИРИНЖЕ — ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ

Назия Жоямергенқызы

Енді үйіңізге тіркелген тұрғынды Halyk Homebank қосымшасында шығаруға болады

ttjk

ҚР Президентін сайлауда қайдан дауыс беруге болатынын Halyk Homebank-те білуге болады

ttjk