Құрметті атақтардың қатары көбейді

Қазақстанда тағы 9 мемлекеттік марапат пайда болады. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің бірінші форумында Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

Тоғыз атақтың бірі «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» марапаты болады. «Мен Жолдауда жұмысшы мамандық иелеріне, өнертапқыштар мен ғалымдарға құрметті атақ беруді ұсындым. Мемлекеттік марапаттар жүйесін 9 құрметті атақпен толықтыру жоспарланып отыр. Соның ішінде «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағы бар. Бұл – елімізді өркендетуге өлшеусіз үлес қосқан ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне шынайы құрметтің белгісі. Қазір депутаттар тиісті заңдарға өзгеріс енгізу мәселесін қарастырып жатыр», деді Президент.

Related posts

В области Абай состоялся первый семинар для уполномоченных по комплаенсу и этике

Алматы қаласында күрес түрлерінен Қазақстан чемпионаты өтті

Назия Жоямергенқызы

Исторический «Золотой Рог» Стамбула становится новым миром очарования

Назия Жоямергенқызы