Ваучерлік қаржыландыру жүйесінде қитұрқылық көп

Парламент мәжілісінің депутаты Қайрат Балабиев Оқу-ағарту министрлігінің ваучерлік қаржыландыру механизмін енгізу туралы бастамасы қоғамда үлкен сынға ұшырағанын жеткізді. Оның айтуынша, кейбір білім басқармалары мен әкімдіктердің бөлінген қаржыны дұрыс игермей, мемлекеттік тапсырысты тиісті деңгейде орындамауы салдарынан мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы толыққанды орындалмай отыр.

«Ваучерлік механизмнің енгізілуі ата-аналар мен жекеменшік балабақша құрылтайшыларының қарсылығын туғызуда. Олардың айтуынша, пилоттық жоба толыққанды дайындықсыз жүзеге асырылуда. Қаржыландыру мен балаларды тізімге алу механизмінде көптеген олқылық бар. Пилоттық жобаға ұсыныстар министрге тікелей ұсынылса да, ескерілмеген. Оқу-ағарту министрін Шымкент қаласы мен Түркістан облысының жекеменшік балабақша құрылтайшылары әлі күнге дейін тосып жүр. Шымкентте, Түркістан және Жамбыл облыстарында мыңдаған балабақша құрылтайшылары ваучерлік қаржыландыру жүйесіне мәжбүрлеп қостыру жүргізілгендігін айтып жатыр», деді ол.

Сондай-ақ депутат жобаны қаржыландыру, балалардың тізімін жасақтау мен кезегін күттірмеу механизмінде олқылықтар өте көп екенін айтты.

«Тізімді жергілікті білім басқармалары бекітетін тұсы және Оқу-ағарту министрлігі ваучерлік қаржыландыруды «Қаржы орталығы» сілтеуі орынсыз деп санаймын. Жекеменшік балабақшалардың көпшілігі пилоттық жобаның кемшіліктеріне байланысты мемлекеттік тапсырысты орындаудан бас тартуға мәжбүр. Балабақшалар коммерциялық негізде бала қабылдауға ауысса, ең төменгі жалақысы 85 мың теңгенің 70 мың теңгесін төлей алмайды. Тек бір емес, бірнеше баласы балабақшаға баратын отбасылар баршылық. Ал бұл ата-аналар үшін қосымша қаржылық ауыртпалық болары айтпаса да түсінікті», деді ол.

Қайрат Балабиев жекеменшік балабақшалардың мұңына құлақ түріп, келесі шараларды қабылдауды талап етіп отыр. Біріншіден, ваучерлік қаржыландыру механизмін тоқтатуды; екіншіден, балаларды 100 пайыз балабақшамен қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік тапсырыс аясын кеңейтуді қарастыру қажет.

Related posts

МАЛАТЬЯ — ПЕРЕКРЕСТОК ТОРГОВЛИ И КУЛЬТУРНОГО ОБМЕНА

ttjk

Ыстамбұлда көктемнің түстерін тамашалаңыз

ttjk

Tokayev Kazakistan’daki Türkiye Büyükelçiliğini ziyaret etti

ttjk