Вьетнамнан Астанаға тікелей рейс ашылады

Вьетнам Фукуок аралынан Астанаға тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.

«Vietjet Air вьетнамдық әуекомпаниясы 2024-2025 жылғы күзгі-қысқы навигациясынан бастап А-330 типті әуе кемелерінде аптасына 2 рейс жиілігімен (сәрсенбі және сенбі) Фукуок – Астана бағыты бойынша тікелей тұрақты жолаушылар рейстерін ашуды жоспарлап отыр»,  делінген хабарламада.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы әуе қатынасының ашылуы елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні айтылған.

Related posts

17 жыл халықаралық іздеуде болған: Еуропада жасырынған кісі өлтіруге қатысушы 15 жылға сотталды

Назия Жоямергенқызы

Мемлекет басшысы Әзербайжан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Назия Жоямергенқызы

ТЕКЕЛІДЕГІ ТУРИЗМ

ttjk