Әскерге шақырылғандарды тексеруге өзгерістер енгізілді

Денсаулық сақтау министрлігі әскерге шақырылғандарды тексеруге қатысты өзгерістер туралы хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, кейінгі жылдары әскерге шақырылғандарды міндетті тексеру көлеміне қосымша тексерулер қосылған. Ендігіде әскерге келушілерді тексеруге эхокардиография, іш қуысын ультрадыбыстық зерттеу, бүйректі ультрадыбыстық зерттеу қосылып отыр.

Осылайша, әскерге шақырылғандар мына міндетті тескрулерден өтеді:

  • жалпы қан анализі;
  • зәр анализі;
  • кеуде мүшелерін флюорографиялық зерттеу;
  • электрокардиографиялық зерттеулер;
  • мерезге (сифилис) микропреципитация зерттеулері реакциясын талдау;
  • бүйректі ультрадыбыстық зерттеу;
  • бауыр, көкбауыр, ұйқы безін ультрадыбыстық зерттеу;
  • АИТВ (ЖИТС) инфекциясына қан анализі.

«Бұдан басқа, медициналық көрсеткіштер бойынша қосымша тексеру қажет болған жағдайда  Денсаулық сақтау министрлігінің Нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсетіледі», деп толықтырған министрліктің мәліметінде.

Related posts

Ақмола облысындағы жол апатынан зардап шеккендердің жартысы — балалар

editor

Облыс әкімі Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болды

editor

Қазақстан мен Еуропалық Одақ өңірлік байланыстарды тереңдету мәселелерін талқылады

Назия Жоямергенқызы