Шекарашылар баспанаға зәру

Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Болат Керімбек Жетісу облысының Қытаймен шектесетін тұсындағы шекара мен шекарашылардың мәселесін көтерді.

Оның айтуынша, Жетісу облысы – шекаралық өңір. Алпауыт Қытай елімен шектеседі. Қытайдан ТМД елдеріне шығатын негізгі сауда-саттық жолы да осы Жетісу өңірі арқылы өтеді. «Мұнда «Достық» және «Қорғас» бекеті жанынан екі әскери қалашық салынуда. Бірақ бұл да қаржыландырудың болмауынан аяқсыз қалып отыр. Шекарашылар пәтер іздеп сабылуда. Басқа-басқа, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін алдыңғы шептегі шекарашыларымыздың жағдайын жасай алмай отырғанымызға не айтуға болады?!», дейді мәжілісмен.

Осылай деген ол өңірлік саясатқа қатысты жобаларды қаржыландыруда мемлекеттік және бюджеттік жоспарлауды әлі де жетілдіруді қажет ететінін тілге тиек етті.

«Бұл бір ғана өңірде емес, барлық өңірге тән. Жүйелілік жоқ. Әрине, мұндайда құрылыстың сапасы жоғалады, бағасы қымбаттайды. Біз бір істі бастасақ, соны соңына дейін жеткізуге тиіспіз. Қаржыландыруда да солай болуы қажет. Құрметті Олжас Абайұлы! Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Сізден Президенттің Жетісу облысына жұмыс сапарлары аясында берген тапсырмаларының орындалуын қатаң бақылауға алуыңызды, аталған жобаларды қаржыландыру үшін Қаржы және Ұлттық Экономика министрліктеріне өңір және салалық министрліктер ұсынған бюджеттік өтінімдерді кезең-кезеңмен қолдауларыңызды сұраймыз», деді ол.

Related posts

ТҮРКИЯ: ТАРИХЫ МЕН ТАҒЛЫМЫ ҚАТАР ӨРІЛГЕН

ttjk

ӘЗІРБАЙЖАН ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ҰЛЫҚТАУ РӘСІМІ

ttjk

Осень открывает возможности для любителей природы в Стамбуле и его окрестностях

Назия Жоямергенқызы