Ақтөбенің айыппұл тұрағында бос орын жоқ

Ақтөбеде ереже бұзған жүргізушілердің көлігін қоятын орын жетпей жатыр. Себебі қаладағы айыппұл тұрағы түгел толған. Бір жарым ай бұрын көшеге жаппай бейне бақылау камерасы орнатылған соң, осында әкелетін көлік саны да артыпты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, айыппұл тотұрағына күніне кем дегенде 30 шақты көлік жеткізіледі. Себебі бейнебақылау камерасының арқасында жолда тәртіп бұзатындарды анықтау жеңілдетілген. Есесіне енді тұрақта орын жоқ. Мысалы, жақында «Лексус» көлігін әкелген. Оның жүргізушісі жол ережесін бір айда жүзден аса бұзып, үш жарым миллион теңге айыппұл арқалаған. Ал жүргізуші өзі шетелдік нөмірмен жүрген соң, ереже бұзғанымды ешкім білмейді деп ойлағанын айтқан.

Бұл ғана емес, соңғы уақытта айыппұл тұрағына әкелінген мопедтер де көбейген.

«Айыппұл тұрағы міндетті түрде қажет. Күнделікті мас күйде ұсталып жатқандар бар. Жүргізуші куәлігі жоқ адамдар да ұсталып жатыр. қандар бар. Күнделікті 20-30 көлік әкелеміз, айыппұл тұрағы қажет», дейді Ақтөбе қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Мейірхан Есенжолов.

Related posts

Объекты наследия ЮНЕСКО в Турции, которые вам следует знать лучше

ttjk

GRECO Қазақстандағы жемқорлық туралы баяндама жариялады

editor

Начались специальные празднования столетия, организованные Управлением коммуникаций

Назия Жоямергенқызы