Әйгілі футболшының үстінен «қыз зорлады» деген айып тағылды

Мадридтің «Реал» ұлттық құрамасының және Франция құрамасының шабуылшысы Килиана Мбаппе қыз зорлады деген күдікке ілінді.

Бұқаралық ақпарат құралдарында Килиан Мбаппе Стокгольмде (Швеция) зорлау фактісі бойынша күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. Ал футболшының өзі әлеуметтік желілерінде бұл жаңалық жалған екенін айтып отыр.

Швецияның TV4 порталы хабарлағандай, 12 қазанда зорлау құрбандарына арналған аурухана бөліміне Килиан Мбаппе зорлады деп мәлімдеген әйел көмек сұрап барған көрінеді. Қылмыс орны – Стокгольм қаласының орталығындағы футбол жұлдызы орналасқан қонақ үй. Оқиға орнында полиция мамандары тексеру жүргізді. Сондай-ақ, дереккөз полицияға зорлау фактісіне байланысты күдікке ілінгені туралы мәлімдеме түскенін, бірақ тергеу кезінде ақпарат жарияланбағанын хабарлаған.

Бұған дейін Франция құрамасының бас бапкері Дидье Дешам да бұл жағдай туралы айтқан болатын. Ол бұл туралы футболшымен сөйлескісі келмейтінін және Килианның өз әрекетіне жауап бере алатын жаста екенін мәлімдеген.

Related posts

“Восточный экспресс” готов к новому сезону.

ttjk

Карс — самый популярный маршрут для туристов

ttjk

“Шығыс экспресс” — әлемдегі ең танымал теміржол желісі жаңа маусымға дайын

ttjk