Қорғаныс министрінің әйелі үшін әскери бронды техникалар қолданылған

Күні кеше Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин министр Руслан Жақсылықов пен әйелінің фотоссесиясына қатысты түсініктеме берген еді.

Еске сала кетсек, таяуда ғана  Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов пен әйелі және балалары әскери форма киіп, суретке түскен фотосессия әлеуметтік желіде көп талқылауға түскен. Оқырмандардың дені ерлі-зайыптылардың кеудесіндегі төсбелгілерге таңданыс білдірген болатын.

Руслан Жангулин екеуінің төсбелгісіне түсініктеме берген. Айтуынша, «Министрдің зайыбы да әскери қызметкер. Ол ұзақ жылдан бері Ұлттық ұланның ән мен би ансамблінде қызмет етеді. Кеудесіндегі медальдар мерейтойлық медальдар» деген еді.

Ақпарат көздерінде жарияланған мәліметтерге сенсек, Қорғаныс министрінің қазіргі әйелі осыдан сегіз жыл бұрын жеке клип түсірген әнші. Ол клипіне Ұлттық ұланның әскери тікұшағын, өте көп сарбазды, Ұлттық ұланның ірі-ірі әскери техникасы мен туын пайдаланған.

Клиптің сюжеті бойынша, Қорғаныс министрінің қазіргі әйеліне жас сарбаз ғашық болады. Ал Руслан Жақсылықов 2014 жылы сәуірде генерал-лейтенант атағын алып, Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы міндетіне кіріседі. Араға бір жыл салып оның қазіргі әйелінің Ұлттық Ұланның әскери техникасын пайдалана отырып түсірген клипі 2015 жылы 17 желтоқсан күні ресми жарыққа шыққан.

Related posts

Мемлекет басшысы Руанда Президентінің арнайы өкілі Жан Поль Ньирубутаманы қабылдады

editor

ТҮРІК РИВЬЕРАСЫ КҮН, ҚҰМ, ЖАҒАЖАЙЫМЕН ТАРТЫМДЫ

ttjk

Türkiye has become a cultural hotspot for affluent European travellers

ttjk