Магистратураға түсу үшін ақша ұсынғандар алаяққа алданды

23 жастағы астаналық бойжеткен ақшалай сыйақы үшін үміткерлерге елордалық университетке түсуге көмектесуге уәде берген. Ол оқу орнында қажетті таныстары бар екенін айтып, сенімге кірген көрінеді.

Осылайша 9 үміткер магистратураға түсу үшін 700 мың теңгеден, ал бір студент университетке түсу үшін 460 мың теңге төлеген. Алаяқ азамат «клиенттерді» өз таныстары мен достары арқылы тапқан, ал олар оны өз кезегінде басқа адамдарға ұсынған.

«Алаяқтық жасады деп күдіктелген жас қыз өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оған қатысты қылмыстық іс қозғалып, елордада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр», делінген хабарламада.

Related posts

СЕМЕЙДЕГІ СЕМИНАР ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРДЫ

Назия Жоямергенқызы

Алқабилердің қарайтын істердің саны екі есе өсті

editor

Қазақстанда 2025 жылы 889 мың тонна өсімдік майы өндірілді