Алғашқы exit-poll қорытындысы шықты

Қазақстандағы АЭС бойынша референдумның exit-poll мәліметтері белгілі болды.

ОКҚ алаңында өткен брифинг барысында «Социс-А» институтының талдаушысы Әлібек Тәжібаев exit-poll нәтижесін жария етті.

«СОЦИС-А» «Кешенді әлеуметтік зерттеулер институты – Астана» ЖҚ жүргізген exit-poll нәтижелері бойынша сауалнамаға қатысқандардың 69,8 пайызы Қазақстанда АЭС салуды қолдады және азаматтардың 30,2 пайызы қарсы шықты.

Amanat партиясының Қоғамдық саясат институтының жүргізген exit-poll қорытындысы бойынша азаматтардың 72,3 пайызы АЭС салуға келісім берген, 27,7 пайызы қолдамаған.

Еске салайық, АЭС бойынша референдум 6 қазан, жексенбі күні сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті. Орталық сайлау комиссиясының алдын ала мәліметінше, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша азаматтардың 63,87%-ы, 7 820 918 адам дауыс берді.

Related posts

2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды

ttjk

Абай облысында туризмді дамыту жолдары талқыланды

Стамбұлда Хор музыкасы бойынша дүниежүзілік симпозиум өтеді

ttjk