Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет алаяқтар туралы ескертеді

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мессенджерлерде (WhatsApp, Telegram және т.б.)  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлерінің атынан жалған аккаунттар құрған және жалған ақпарат тарататын алаяқтар туралы тағы да ескертеді.

Алаяқтар Антикор символикасы бар жалған құжаттарды, хабарламаларды және файлдарды жасауда және жолдауда. Жалған ақпараттық таратуларға сенбеу, күмәнді сілтемелерге өтпеуді, сондай-ақ қолма-қол ақша аудармауды сұраймыз.

«Осындай қоңыраулар мен таратуларды алған жағдайда, осы фактілер туралы Қазақстан Республикасының Құқық қорғау органдарына дереу хабарлауды сұраймыз. Егер Сіз жемқорлық фактілеріне тап болсаңыз, @antikorkz_bot Telegram-боты немесе 1424 нөмірі арқылы шұғыл хабарлаңыз» делінген агенттіктің хабарламасында.

Related posts

ӨЗБЕКСТАНДА ЖАҢА УНИВЕРСИТЕТ АШЫЛАДЫ

ttjk

Halyk Homebank қосымшасында «Халык-Life» АҚ ұсынған өмірді сақтандыру бағдарламасы іске қосылды

ttjk

Геология тақырыбындағы ақпараттар цифрландыруға енгізіледі

editor