Бір тұрғын алабына жететін энергияны тұтынған

ҚМА елорда аумағында тиісті лицензиясыз цифрлық активтерді заңсыз өндіру дерегі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Күдіктілер 2022 жылдан бастап 2024 жылдың мамырына дейін Астана аумағында ай сайынғы электр қуатын тұтынуы мегаполистегі бір тұрғын алабының қажеттілігімен парапар болатын, қозғалтқыштарды өңдеу орталығының түрінде жасырылған майнингтік ферманың қызметін ұйымдастырған.

«Бұл кезеңде өндірілген заңсыз цифрлық активтердің құны 143 миллион теңгеден асқан. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 1 300-ге жуық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешен (ASIC), оларды салқындатуға арналған құрылғылар және қосалқы трансформаторлық станция тәркіленді. Бұдан басқа олардың электр энергиясы үшін 25,3 миллион теңге сомасына төлем жасамағаны анықталды», делінген хабарламада.

 

Related posts

İzmir ranked in Lonely Planet’s ‘Best in Travel 2024’ List!

Назия Жоямергенқызы

«Халық» қоры халыққа қамқорлық көрсетуде

Назия Жоямергенқызы

Türkiye: A Perfect Escape for an Outstanding Golf Experience