Көші-қонда қозғалыс көп

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев ОКҚ алаңында  биылғы көші-қон жағдайы туралы баян етті.

Оның айтуынша, 2024 жылы сыртқы көші-қонда оң динамика байқалады. Көші-қонның оң сальдосы 2 жыл бойы сақталып келеді. Биылғы бірінші жартыжылдықта көші-қон сальдосы +7,3 мың адамды құрады. Елге 14 мың адам келіп, 7 мың адам көшіп кеткен.

«Елдердің бөлінісі бойынша көші-қон өсімі негізінен ТМД елдері мен Қытай Халық Республикасына тиесілі болып отыр. Білім деңгейі бойынша да оң сальдо қалыптасты, мәселен, елімізге білімді адамдар көбірек келгені байқалады», – деді министр орынбасары. Ал ішкі көші-қондағы азаматтардың қозғалыс белсенділігінің өсуі бар. Ел ішінде қоныс аударушылар саны былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 1,7 есе артқан.

 

 

Related posts

Made in KZ: өз Кремний алқабын құрудың жолы

ttjk

ҚМА төрағасы Д. Малахов, «Атамекен» ҰКП басшысы Р.Баталов және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Қ.Нұров өзара ынтымақтастық туралы келісті

ttjk

Алматының Наурызбай ауданындағы қараусыз қалған аумақта ойын және спорт алаңдары бар заманауи сквер салынды