Қылмыстық топтың 50 мүшесі ұсталды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Мемлекет басшысының қылмыс пен деструктивті әрекетке қарсы күресте қатаң шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.

 

Биыл 18 қыркүйекте ҰҚК, ІІМ және БП ведомствоаралық жедел-тергеу тобы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Алматы, Жетісу, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшелерін ұстауға арналған операция жүргізді

«Барлығы 50 адам ұсталып, ішкі істер органдарына жеткізілді. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» деп хабарлайды баспасөз қызметі. Олар тауарлар мен автокөліктерді аса ірі көлемде ұрлау арнасын ұйымдастырды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмысты қаржыландырды деп күдіктеліп отыр.

Related posts

Олжас Бектенов Air Products басшылығымен газ химиясы және өнеркәсіп технологиялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Назия Жоямергенқызы

Объекты наследия ЮНЕСКО в Турции, которые вам следует знать лучше

ttjk

Journey into Anatolian History: Museum of Anatolian Civilizations

Назия Жоямергенқызы