Аймақ бюджетін тексеретін комиссия таратылады

2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда өңірлік тексеру комиссиялары таратылып, оның орнына Жоғары аудиторлық палатаның аумақтық департаменттерін ашу жоспарланып отыр.

Бұл туралы палата төрағасы Әлихан Смайылов төрағалық еткен отырыста мәлім болды.«Бұл мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді, себебі, бүгінде тексеру комиссияларына жергілікті бюджет ақша бөледі. Ал бұл аудиттің объективтілігіне әсер етуі мүмкін»,  деп жазды палатаның баспасөз қызметі.

Осылайша, 2026 жылдан бастап жергілікті мәслихат депутаттары Жоғары аудиторлық палатаның тиісті аумақтық департаменті басшылығының екі өкілін тағайындай алады. Сондай-ақ палата болашақта «Жоғары аудиторлық палата – Парламент» моделі бойынша жұмыс істеуге көшуді де мақсат етіп отыр.

Related posts

ОПАСЫЗ ТӨҢКЕРІС ӘРЕКЕТІ: 2016 ЖЫЛҒЫ 15 ШІЛДЕ

Назия Жоямергенқызы

Түркияның астанасы Анкарада зерттеуге тұрарлық көптеген жасырын қазына бар

ttjk

Турнир на Кубок Начальника Специализированного лицея «Арыстан»

ttjk