Түркістан түрмесінде бүлік шықты

Кеше Түркістан түрмесінде жазасын өтеп жатқандар бүлік жасады.

Түркістан облысы ҚАЖК баспасөз қызметінің мәліметінше, түзеу мекемесі тұтқындарының бір бөлігі қамауда ұстау тәртібімен келіспейтінін айтып, бүлік шығарған.

Сотталғандар электр трансформаторын өртеп жіберді. Көтеріліс барысында Ұлттық ұланның екі әскери қызметшісі мен ҚАЖ-дың бір қызметкеріне жеңіл дене жарақаты келтіріліп, медициналық көмек көрсетілді.

«Осы факт бойынша Қылмыстық Кодекстің 428-бабының 3-бөлігіне сәйкес, «қоғамнан оқшаулауды қамтамасыз ететін мекеме әкімшілігінің заңды талаптарына топтық бағынбауды ұйымдастыру, сол сияқты зорлық-зомбылық қолданумен немесе өзіне қасақана қандай да бір зақым келтірумен не өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқтырған топтық бағынбауға қатысу» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті.

Related posts

Қазақстан мен Украина президенттері телефон арқылы сөйлесті

ttjk

Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға алаңдаушылық білдірді

editor

TALENFORBIZ ҚАЗАҚСТАНДА: ӘЛЕМДІК ТҮРІК КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАС ТАЛАНТТАРМЕН БІРІГЕДІ

editor