Мырзахметовтен мемлекетке миллиардтар қайтарылды

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметовке қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша мемлекет кірісіне 7 млрд теңге сомасында заңсыз алынған ақшалай қаражат аударылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында заңсыз сатып алынған активтерді қайтару бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізіп жатыр. Әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елді дамыту мақсатында пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өткен жөн.

Жыл басынан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аяқталған қылмыстық істер шеңберінде шамамен 195 млрд теңгені өтеді.

«Соңғы 2,5 жылда, оның ішінде олигополиялар тарапынан Қазақстан халқына 1,09 трлн теңге қайтарылды. Бұл бағыт бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Сондай-ақ бұл агенттіктің ерекше бақылауында», — делінген хабарламада.

Related posts

How would you like your coffee on December 5th, World Turkish Coffee Day?

Назия Жоямергенқызы

Жемқорлық жиі тіркелген

editor

627 әскери қызметші жоғары оқу орындарының білім грантын алды

editor