Үкімет 8 жолды жөндеу үшін 5,9 млрд теңге бөлді

Атырау облысындағы 8 жол учаскесін салуға және жөндеуге Үкімет резервінен 5,9 млрд теңге бөлінді.

Тиісті қаулыға Премьер-пинистр Олжас Бектенов қол қойған.  Қаржы Үкіметтің төтенше резервінен көлік министрлігіне қарай бөлінеді.

«Атырау облысының бюджетіне аудару үшін Үкіметтің төтенше резервінен  Көлік министрлігіне шамамен 5,9 млрд теңге бөлу қарастырылған. Аталған қаражаттың 4,6 млрд теңгесі облыстық маңызы бар автожолдардың жеті учаскесін, оның ішінде, «Индер – Қарабау – Сағыз», Қарабау кентіне кірме жолдар, «Сарытоғай – Махамбет», «Атырау – Индер», сондай-ақ Құлсары қаласындағы жаяу жүргіншілер жолын қалпына келтіруге бағытталады. Су тасқыны салдарынан зардап шеккен «Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз» автожолындағы көпір мен су өткізу құбырлардың  құрылысына шамамен 1,3 млрд теңге бөлінеді», — деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Су тасқыны кезінде  облыстағы 11 жол учаскесі қираған, бес жолда су өткізетін құбырлар зақымданған.

Related posts

Цифровая карта семьи станет основой для назначения АСП

ttjk

Кездесуде Олаф Шольцтің өтінішімен Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды реттеуге байланысты пікірін жеткізді

editor

Фенер мен Балат: түрлі-түсті көшелерімен тартымды

Назия Жоямергенқызы