Жолға таласқан жолаушылар жауапкершілікке тартылды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ұсақ бұзақылық жасағаны үшін елодалық екі тұрғынға қатысты іс қаралды. Іс материалдарына сәйкес, құқық бұзушылар жолдың жүру бөлігінде төбелесіп, сол арқылы өз әрекеттерімен қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушылар өз кінәсін толық мойындап, жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары  бейнежазбамен, жүргізушілердің жазбаша түсіндірмелерімен расталды.

Жаза қолдану барысында сотпен жол қозғалысы қауіпсіздігіне байланысты қоғамдық тәртіпке қол сұғатын құқық бұзушылық жасағаны, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлардың болмауы ескерілді.

Сот құқық бұзушы А.-ны ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындады. Ал екіншісі — әскери қызметші. Оқиға қызметтік міндеттерін атқару кезінде болғандығы ескеріліп, сот оны кінәлі деп танып, тәртіптік жаза қолдану үшін іс материалдарын әскери қызмет өткеру орнына жіберді. Себебі, ӘҚБтК-нің 32-бабына сәйкес қызметтік міндеттерін атқару кезінде жасаған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтары үшiн тәртiптiк жарғы тағайындалуы керек.

 

Related posts

Олжас Бектенов: Үкімет Мемлекет басшысының экономика өсімін қамтамасыз ету бойынша қойған міндетіне қол жеткізу үшін бар күш-жігерін салады

Назия Жоямергенқызы

Үкімет 12 жастан қылмыстық жауапқа тарту ұсынысын мақұлдамады

editor

Барлық банк үшін бірыңғай QR-код іске қосылмақ

editor