Бесасықтан әйелдер құрамасы финалда

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында бесасықтан Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей ақтық кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды «Ұлттық спорт және ат спорты» түрлері орталығының баспасөз қызметі.

«Алау» мұз айдыны кешенінде өтіп жатқан жарыста ұлттық құрама спортшылары жарыстың екінші күні де қарсыластарынан басым түсті. Бүгін А тобындағы Швеция және Румыния ұлттық құрамаларының асықшыларымен кездесу өткізіп, екеуін де 3:0 есебімен жеңді.

Осылайша, Қазақстан А тобында бірде-бір жеңіліссіз топтық кезеңді 12 ұпаймен аяқтады. Финалдық ойында отандық асықшылар Ресей спортшыларына қарсы өнер көрсетеді.

Related posts

Ұлы үшін жеке заттарын сатқан: ӘЧ-да сенсация жасаған қақпашының оқиғасы

Назия Жоямергенқызы

Нижат Рахимов завоевал бронзовую медаль

ttjk

Жерлесіміз жетінші жеңісіне қол жеткізді

editor