65 оқушы «Абай оқулары» республикалық байқауының жүлдегері атанды

 

8–11 сынып оқушылары арасында өткен XXVI республикалық «Абай оқулары» шығармашылық байқауы аяқталды. Биылғы байқау халықаралық мәртебе алып, ұлы ойшыл әрі ақын Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналды.

Байқау бес номинация бойынша өткізілді. Алғашқы кезеңге 1300-ден астам оқушы қатысса, олардың тек 112-сі финалға өтті, оның ішінде 39-ы ауыл мектептерінің оқушылары.

 

Сонымен қатар Алтай өлкесі, Өзбекстан, Моңғолия, Қытай және Түрікменстан елдерінен 20 халықаралық қатысушы бақ сынады.

Байқау нәтижесі бойынша 65 оқушы жүлдегер атанды:
I дәрежелі диплом мен алтын медаль — 15 оқушыға;
II дәрежелі диплом — 20 оқушыға;
III дәрежелі диплом — 30 оқушыға берілді.

Қосымша 20 оқушыға Құрмет грамотасы табысталды. Барлық қатысушыларға сертификаттар берілді.

Халықаралық қатысушылар арасынан да жеңімпаздар анықталып, арнайы сыйлықтар табысталды:
1. Бүркітбаев Саяқ — Өзбекстан
2. Байдөлетова Айнұр — Түрікменстан
3. Айдос Нұрмағанбет — Моңғолия
4. Үсенбаева Арайлым — Өзбекстан

Сондай-ақ, Маңғыстау облысынан Айберікұлы Алмаз «Абай» журналының арнайы жүлдесін иеленді.

Related posts

Enjoy the beautiful islands of Türkiye in the North Aegean

Назия Жоямергенқызы

Победители конкурса «StartUP Battle-2020»

ttjk

«JOLTAP» жобасы: елордада жаңа мамандық игерген 10 адам өз кофеханасын ашты

Назия Жоямергенқызы