59 теміржол вокзалы жөндеу көрмеген

Елімізде негізгі 54 теміржол вокзалын жөндеу үшін қаржыландыру көздері пысықталып жатыр. Бұл туралы көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді.

Министр жолаушыларды тасымалдау процесінің қолайлылығын қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарын модернизациялау қажет екенін атап өтті. Оның сөзіне сенсек, 59 негізгі теміржол вокзалының (жергілікті орган – 8, ҚТЖ – 51) 54 вокзалы (жергілікті орган – 4, КТЖ – 50) жөндеуді талап етеді. Қазіргі уақытта тек Қызылорда, Шымкент, Павлодар және Түркістан қалаларының вокзалдары толық күрделі жөндеуден өткен. Қалған вокзалдарды жөндеу бойынша қажетті техникалық құжаттар әзірленуде және қаржыландыру көздері мен механизмдері пысықталып жатыр.

Сондай-ақ ол биыл 10 айдың ішінде 17 млн  600 мың жолаушы тасымалданғанын жеткізді. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6%-ға көп. Жыл соңына дейін 21 млн жолаушы тасымалдау жоспарланып отыр.

Related posts

АЛАЯҚТЫҚПЕН СОТТАЛҒАН ШЕНЕУНІК БАСШЫЛЫҚҚА ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Назия Жоямергенқызы

The Mesopotamia Express: Türkiye’s Newest and Popular Touristic Train Route

ttjk

Кипрмен әуе қатынасы ашылады