2028 жылдан бастап Қазақстанда тағы бір “донор” өңір қалыптасады – Мәжіліс депутаты

 

Қазақстанда 2028 жылдан бастап жаңа “донор” өңір пайда болады. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еркін Әбілпарламенттің жалпы отырысында айтты, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Депутаттың айтуынша, 2026–2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне қатысты баяндама барысында өңірлердің қаржылық әлеуеті талданған.

Еркін Әбілдің мәлімдеуінше, 2028 жылдан бастап Маңғыстау облысы өндіруші салалар мен өнеркәсіп секторындағы салық түсімдерінің артуына байланысты қайтадан “донор” аймақ мәртебесіне ие болмақ. Ал Павлодар облысы өз кірістері есебінен бюджеттік тұрақтылыққа қол жеткізіп, өзін-өзі қамтамасыз ететін өңірлердің қатарына қосылады.

Осылайша, үш жылдан кейін елімізде төрт донор өңір және бір өзін-өзі қамтитын аймақ болады деп күтілуде.

Сонымен қатар, депутат заң жобасын қарау барысында өңірлік қаржыландыруға қатысты бірқатар өзекті мәселелерге назар аударды. Атап айтқанда:

аяқталмаған жобаларға республикалық бюджеттен бөлінетін қаражаттың жеткіліксіздігі;
өңірлер арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің сақталуы;
инфрақұрылымдық жобалар бойынша кей әкімдіктердің жалған ақпарат ұсынуы.
Осы олқылықтарды жою үшін Мәжіліс депутаттары аймақтарға бөлінетін субвенциялар көлемін 16,5 млрд теңгеге арттыру туралы шешім қабылдаған.

Дереккөз:
Мәжілістің баспасөз қызметі

Related posts

Стамбул примет глобальную конференцию SITE в 2024 году

ttjk

Итоги финальных этапов Кубка Мира FIS по фристайлу в дисциплинах «могул», «параллельный могул» и «лыжная акробатика»

ttjk

Қазақстан шекарасын заңсыз кескен ресейлік қолға түсті

ttjk